{metadescription}
Құрбанғұлы Бердімұхамедов сайлаудағы  кезекті жеңісін тойлап жатыр
Құрбанғұлы Бердімұхамедов сайлаудағы  кезекті жеңісін тойлап жатыр

Құрбанғұлы Бердімұхамедов сайлаудағы кезекті жеңісін тойлап жатыр

Құрбанғұлы Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып қайта сайланды. Кешегі сайлауда оны дауыс берушілердің 98 пайызы қолдаған. Ел тұрғындары да аса белсенді деп жарыса жазып жатыр жергілікті басылымдар. Яғни, мемлекет басшысын таңдауға сайлаушылардың 97 пайызы келіпті.

Жалпы, тақтан 9 адам үміткер болыпты. Бірақ, Бердімұхамедовтің жеңіске жететініне ешкім күмән келтірмеген секілді. Себебі өзге кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы қазіргі басшының ұстанымын толығымен қайталаған. Түрікменстан билігі былтыр конституцияға өзгеріс енгізіп, үміткерлердің жасы 70-тен аспауы керек деген талапты алып тастағанын айта кетейік. Сондай-ақ, елді басқару мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылған. Осы өзгерістер Құрбанғұлы Бердімұхамедовке әлі ұзақ уақыт президент болып қалуға мүмкіндік береді. 59 жастағы Бердімұхамедовтің мамандығы – тіс дәрігері. Ол билікке Сапармұрат Ниязов қайтыс болғаннан кейін 2007 жылы келіп, 2012 жылы қайта сайланған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде