Астанада Сирияға қатысты келіссөздер қайта жалғасатын болды
Алдағы сәрсенбі мен бейсенбіде президент Башар Асад жақтастары қарулы оппозиция мүшелерімен тағы бір үстел басында бас қоспақ.
Автор: Ербол Сейілхан
13.02.2017
Екінші кездесу де, қаңтардың 23-і күні өткен келіссөздердің форматы бойынша ұйымдастырылады. Ресей, Түркия, Иран секілді елдердің кепіл болуымен өтетін жиынға ресми билік тарапын Асадттың сенімді өкілі Башар Жафаридің өзі бастап келеді деп күтілуде. Қарулы оппозиция Дамаскімен 29-шы желтоқсанда қол қойылған атысты тоқтату жөніндегі келісімді талқылауға келмек. Өйткені екі тарап та уәделерін орындамай отыр. Әрі оқ атпау жайындағы келіссөзге билік әскерімен соғысып жүрген Сирияның оңтүстігіндегі бүлікшілер де қосылуға ынта білдірген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!