{metadescription}
Павлодарда жұртты сусыз қалдырған ірі  коммуналдық апаттың себебі анықталмай жатыр
Павлодарда жұртты сусыз қалдырған ірі  коммуналдық апаттың себебі анықталмай жатыр

Павлодарда жұртты сусыз қалдырған ірі коммуналдық апаттың себебі анықталмай жатыр

Павлодарда құбыр жарылып, салдарынан қаланың бүкіл тұрғыны жарты тәулік сусыз қалды. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал толассыз аққан су сол маңдағы жер үйлерге жайылып, тұрғындардың қысқы отындарын жарамсыз қылған. Апат себептерін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды.

Шаһар көшелеріндегі мына көрініс көктем мезгілін елестеді. Жолды қуалай аққан су мұндағы көлік қозғалысын тежеп, жаяу жұртты да біраз әбігерге салды. Бұған құбырлардың бірінде болған апат себеп. Яғни құбыр ішіндегі қақпақтың жарылуынан аумақтағылар енді көл-көсір судан көз аша алмай отыр.

- Қалай өтесіз?

- Секірем. 

Бастапқыда апат болған аумақтағы төрт тұрғын үйді судан ажыратқан коммуналшыларға, кейін шаһар бойынша су қысымын төмендетуіне тура келді. Өйткені жөндеу үшін құбырдағы тағы бір бөгет-қақпақты ағыту керек болыпты. Осылайша әп-сәтте ондаған ауланы су басып, ол бірнеше үйдің жертөлесіне кірген. Сөйтіп, кеше түнде ажыратылған тіршілік нәрі жұртқа бүгін түс ауа ғана беріле бастады. Ал апат болған аудандағы тұрғындар су астында қалып қоя жаздадық деп шошып отыр.

Надежда Беккер, Павлодар қаласының тұрғыны:

–Хабарласпаған жерім жоқ. Өздерің бірдеңе қылып сыртқа шығыңдар деп жауап береді телефоннан. Аула мен жертөлемілді түгел су басып қалды. Жұбайым сырқаттанып үйде жатыр. Жалғыз тастауға қорықтым.

Су құбырындағы апатқа байланысты бүгін тіпті бірінші ауысымдағы оқушылардың сабақтары қысқартылған. Тіршілік нәрінің болмауы балабақшалардың жұмысына да кедергі келтірді. Ал жұртты сабырға шақырған атқамінерлер мұндай жағдай енді қайталанбайды деп сендіруде.

Владимир Сарапульцев, «Павлодар-Водоканал» ЖШС бас инженерінің орынбасары:

–Шойын кран осыдан 9 жыл бұрын ауыстырылған. Берік болғанымен, морт сынғыш металл. Қазір оны кәсіпорынға жеткізіліп, апаттың нақты себептері анықтап жатырмыз. Жалпы су құбырларындағы крандардың жағдайы жаман емес. Бәрін бақылауда ұстап отырмыз.

Апат болған аумақта су сору жұмыстары жалғасып, шығын көлемі де есептеліп жатыр.

Ал істен шыққан шойын жапқыш  тексеруге жіберіліп, апаттың нақты себебі анықталуда. Бұл үшін арнайы комиссия құрылған. Егер төтенше жағдайға жол бергендер анықталса, олар заң алдында жауапқа тартылады. Ал қысқы отыны су астында қалған жұртқа әкімдіктегілер қолдан келгенше көмек береміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде