Жаңбыршин Астанадағы ұлттық пантеонда жерленетін болды
Мезгілсіз дүние салған Есеп комитетінің басшысы Астанадағы ұлттық пантеонда жерленетін болды. Айта кетсек, 57 жастағы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин 12 ақпанға қараған түні жүрегі ұстап өмірден озған еді.
Автор: Ербол Сейілхан
13.02.2017
Марқұм соңғы 3 жыл бойына Есеп комитетін басқарып, бюджет ақшасының дұрыс жұмсалуына жауапты болды. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында туған Қозы-Көрпеш Жаңбыршин еңбек жолын қарапайым экономистен бастап, Қорғаныс министрінің орынбасарлығына дейін көтерілген. Кейін Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары секілді маңызды қызметте болды. Мемлекет және қоғам қайраткерімен қоштасу ертең Астанадағы Горький атындағы орыс драма театрында өтеді.
Майра Айсина, Мәжіліс депутаты:
-Ол кісімен кездесіп жүрдік. Бұрын да қызметтес болдық. Сондықтан сондай сабырлы адам, салмақты мінезді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!