{metadescription}
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тұралап қалды
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тұралап қалды

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тұралап қалды

Бүгін елімізде мыңдаған тұрғын тіркеуге тұра алмады. Себебі азаматтарды есепке алатын бағдарлама аяқ асты істен шыққан. Сондықтан халыққа қызмет көрсету орталығына келген жұрт қажетті анықтамасына қол жеткізе алмай әбден әбігерге түсті.

Хадиша Тоқбергенова, Астана қаласының тұрғыны: 

-Миым ашып кетті, расын айтқанда.2 сағат бойы жүрмін. Қайта -қайта келем ештеңе істелмеген.

Таң атқалы халыққа қызмет көрсету орталығында дүрбелең. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуге тұруды айтпағанда, бұл жерден анықтама алу да мүмкін болмай қалды. Әбден төзімі таусылғандарға оның себебі тек күндізге 11-ге таяу бір-ақ айтылған. Сөйтсе, бар кінә Әділет министрлігінде екен. Өйткені, министрліктің анықтама базасы істен шығыпты. Шенеуніктер оны тез арада қалыпқа келтіруге уәде еткенімен,ақау тек ертең жөнделіп бітпек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде