Қасымов қауіпті ойындармен қалай күресіп жатқанын айтты
Ішкі Істер министрі «Синий китпен» қалай күресіп жатқанын айтты. Қалмұханбет Қасымов өлімге итермелейтін қауіпті ойыннан балаларды қорғау үшін қолданыстағы заңға өзгеріс енгізуді ұсынды.
Автор: Жәудір Оразхан
13.02.2017
Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:
-Әлеуметтік желілердің қожайындары интернет пайдаланушылар туралы мәліметті Қазақстанда сақтауы иіс. Өйткені, біз адамдарды кез-келген уақытта тексере алуымыз керек. Ал қазір полицейлер біреудің мекен-жайын анықтау үшін АҚШ пен Ресейге хат жазады. Бұл өте ұзақ шаруа.
Соңғы 2 айда елімізде 63 бала өзіне қол салуға оқталған. Көмек дер кезінде көрсетілгендіктен біразы ажал аузынан аман қалыпты. Ал былтыр 16 жеткіншек асылып өлген. Полицейлерге әлеуметтік желілер арқылы жасөспірімдерді алдап, қорқытып өлімге итермелейтін «Синий кит», «Тихий дом»-ның құрбандары жайында көбіне ата-аналар, туыстары мен ұстаздар хабарлайды екен. Енді біздің сақшылар аса қауіпті бұл ойынмен ресейлік әріптестерімен бірлесіп күреспек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!