{metadescription}
Бишімбаев құрылысына бөлінген қаржысын ұрлады делінген Қызылордадағы шыны зауыты тұралап тұр
Бишімбаев құрылысына бөлінген қаржысын ұрлады делінген Қызылордадағы шыны зауыты тұралап тұр

Бишімбаев құрылысына бөлінген қаржысын ұрлады делінген Қызылордадағы шыны зауыты тұралап тұр

Қуандық Бишімбаевтың қанша қаржы жымқырғаны белгілі болды. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі «Бәйтерек» холдингін басқарған кезде Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгені сыбайластарымен бірге ұрлаған. Қазір осы іс бойынша тағы "OrdaGlass" және "Шымкентхиммонтаж" компанияларының басшылары мен Бишімбаевтың бауыры ұсталыпты. Экс-министр ұрланған миллиардтың 650 миллион теңгесін сол бауыры арқылы жеке өзі алған дейді тергеушілер.

-Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тура бір жарым ай бұрын қамауға алынған еді. Бюджет ақшасын жымқырғаны үшін ұсталған шенеуніктің осы уақытқа дейін миллиондарды қалай және қанша ұрлағаны құпия ұсталған.

Енді тиісті тексеруден соң тергеушілер сол қыруар ақшаның Бишімбаевтың қалтасына қалай және қанша көлемде түскенін жариялап отыр. Ұлттық бюроның мәліметінше, экс-министр «Байтерек» холдингін басқарған кезде миллиард теңгені сыбайластырымен бірге жымқырыпты. Қыруар ақша Қызылордадағы мына шыны зауытының құрылысына бөлінген. Оны ұрлау үшін Бишімбаев жалған серіктестіктер құрып, жұмысшылардың тамағы мен жатын орнына деген желеумен ақша сұратқан. Кейін оны сыбайлас фирманың шотына аударып, шешіп алыпты. Сөйтіп, миллиардтың 650 миллион теңгесін Бишімбаевқа туысқан бауырлары әкеліп берген екен.

Негізінен, Бишімбаевтың аранын ашқан Қызылордадағы осы шыны зауытының құрылысына 52 миллиард теңге бөлінген. Көбі сол кезде жобаның құны тым қымбат екенін айтып, зауыттың құрылысына қарсы шыққан еді. Бірақ, Бишімбаев мұны ескермепті.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-Зауыт құрылысына қарсылық білдіргендер жобада көп шикілік барын айтқан. Оның үстіне бағасы тым қымбат болды. Бірақ «Байтерек» холдингіне қарасты "Қазақстан даму банкі" жобаны қаржыландырып жіберген.

Соған қарағанда Бишімбаев бюджеттің миллондарын зауыт арқылы ұрлауды сол кезден-ақ жоспарлаған болуы мүмкін. Ал, осы іс бойынша тағы "OrdaGlass" және "Шымкентхиммонтаж" компанияларының басшылары және Бишімбаевқа ақша тасыған бауыры да тергеліп жатыр.

Қуандық Бишімбаевтың өзі уақытша изоляторда . Тергеу аяқталып, сот біткенше осында болады. Ал мақтаулы «Болашақтың» түлегінің кінәсі дәлелденсе, дүние-мүлкі тәркіленіп,15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде