{metadescription}
Алматы облысында зорланған Жібек Мусинованың ісі тағы үлкен жанжалмен аяқталды
Алматы облысында зорланған Жібек Мусинованың ісі тағы үлкен жанжалмен аяқталды

Алматы облысында зорланған Жібек Мусинованың ісі тағы үлкен жанжалмен аяқталды

Үкімнің соңы айғайға ұласты. Алматы облысында Жібек Мусинованы зорлаған 4 жігітке қатысты апелляциялық сот үлкен жанжалмен аяқталды. Судья бұған дейін оларға кесілген 8-10 жыл аралығындағы мерзімді өзгеріссіз қалдырғаны сол екен, туыстары сот залын басына көтерді.

Сотталған 4 жігітті полиция қызметкерлері есіктен әрең шығарды. Жиналған туыстарының да қарасы көп екен. Үкімге келіспеген олар судьяны қаралап, Жібекті де жерден алып, жерге салды. Ұзақ уақыт облыстық сот ғимаратын торуылдаған соң, тәртіпті қадағалау үшін полиция қызметкерлері көптеп тартылған. Сот шешімін мүлдем әділетсіз деп санаған туыстарының өз дәйектері бар. Айтуларынша, жәбірленуші әуелі полицияға жігіттер ұрып-соқты деп арызданған. Артынша, сөзінен тайқып айуандықпен зорлады деп шығыпты. Айыпты деп танылғандардың жақындары сот барысында осы сияқты бірқатар деректердің ескерілмегеніне ренжіп отыр. Сондықтан енді Жоғарғы сотқа арызданбақ.

Диана Амантаева, сотталғандардың туысы:

-Генетикалық сараптама қорытындысы жігіттердің ешқандай ұрып-соқпағанын, қинамағанын 99 пайыз дәлелдеп берді. Бірақ сот жәбірленушінің құр сөзіне бола 10 жылға соттап отыр. Әлде де шағымданамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.