Жамбыл облысында бірнеше ауыл қар құрсауында қалып қойды
Жамбыл облысының бес ауылы бір апта бойы қар құрсауында қалып қойды. Себебі, Жуалы ауданында қалың жауған ақ ұлпадан жолдар жабылып, көлік қозғалысы тежелген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.02.2017
Жуалылықтарға қардың қалың түсуі таңсық емес. Бірақ ақ ұлпадан жолдар аршылмаса, ел-жұрт азап көреді. Көлтоған, Рысбек батыр, Қызтоған, Қошқарата, Ақтасты ауылының жұрты 7 күннен бері аудан орталығына жете алмай қиналыпты. Тұрғындардың сөзінше, мұндай халге түсулеріне, жолды тазарту жұмыстарын жөнді жүргізбеген компания кінəлі. Тіпті олар қар күреп жүрген техниканы көрмедік деп жыларман болды. Бұқараны титықтатқан жол кеше әзер дегенде аршылған. Ал жергілікті билік тазалау жұмыстарының кешеуілдеуін ауа-райының мың құбылуы əрі техниканың жетіспеуімен түсіндірді.
Досымжан Балқыбекұлы, Көлтоған ауылының тұрғыны:
- Техникалар əлсіз. Тазартып үлгере алмай жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!