Астана жұрты Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді ақтық сапарға шығарып салды
Есеп комитетінің басшысымен қоштасуға әріптестері, жора-жолдастары, депутаттар мен Үкімет мүшелері келді. Олар мемлекет және қоғам қайраткерінің жарқын істерін еске алып, марқұмның отбасына көңіл айтты.
Автор: Ербол Сейілхан
14.02.2017
Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
-Кең жүректігі , қарапайымдылығы, адамдығы, бауырмашылдығы, айта берсе қасиеттері көп. Сондықтан Қозекеңді еске алған кезде, оның осындай жарқын бейнесінің елестейтіне күмән жоқ.
Есеп комитетінің басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин 58 жасқа қараған шағында өмірден озды. Жүрегі аяқ-асты сыр берген марқұм бюджет ақшасының мақсатты жұмсалуына жауапты болып, кәсібіне жан-тәнімен берілген адам болатын. Еңбек жолын қарапайым экономистен бастаған Жаңбыршин Қорғаныс вице-министрі, Алматы әкімінің орынбасары, кейін Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығында қызмет істеген. Ал 2014 жылы Есеп комитетінің басшысы болып тағайындалған-ды. Марқұм Астанадағы Ұлттық пантеонға жерленді. Ал соңында үш баласы қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!