{metadescription}
Астана кезекті Сирия келіссөздеріне дайындалып жатыр
Астана кезекті Сирия келіссөздеріне дайындалып жатыр

Астана кезекті Сирия келіссөздеріне дайындалып жатыр

Ертең соғысты тоқтатуға күш салып жатқан елдер өзара арнайы құжатқа қол қояды деп күтілуде. Ол тыныштықтың сақталуын талап ететін мәміле.

Ал құжаттың іске асырылуына кепілдік беруші мемлекеттер Түркия, Иран мен Ресей жауапты. Өйткені бұл үштік жауласқан тараптарға ықпал ете алатын күшке ие. Мәміледе тыныштықты қалай сақтау керектігі және оны бұзғандарға қарсы қандай шараның қолданылары анық жазылмақ. Белгілісі ертең өтетін жиынға Түркия, Иран , Ресей , Иордания мен ресми Дамасктің өкілдері қатыспақ. Біріккен Ұлттар ұйымы мен АҚШ-ты кімдердің бастап келетіні белгісіз.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы Істер министрі:

-Астана процесі Женева келіссөздеріне дайындық іспетті. Біз өзара диалог үшін төрімізді ұсынып отырмыз. Бұл Сириядағы қантөгісті тоқтатуға септігін тигізеріне сенеміз.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде