{metadescription}
Бразилиялық футболшы «Ақтөбе» футбол клубын сотқа берді
Бразилиялық футболшы «Ақтөбе» футбол клубын сотқа берді

Бразилиялық футболшы «Ақтөбе» футбол клубын сотқа берді

«Ақтөбе» футбол клубын - бұрынғы ойыншысы сотқа берді. Бразилиялық Маркос Пизелли бір жылдық жалақысын даулап жүр. Оған клубтың берешегі 64 миллион теңгеден асып кеткен.

Екі жыл «Ақтөбе» сапында ойнаған Пизелли алғашқыда 60 мың доллар айлық алып отырыпты. Онымен қоса ай сайын он бес мың доллар сыйақы тағайындалған. Бірақ 2015 жылы жалақы төлеу тоқтапты. Енді оны сот арқылы өндіруді көздеп отыр. Бразилиялық футболшы «Ақтөбе» клубының үстінен сотқа алғаш арызды жазда түсірген-ді. Бірақ ол кезде судья өзара мәмілеге келуге кеңес беріп, шағымын қарамаған болатын. Ал бұл жолы алашағын даулаған Пизеллидің өзі сотқа келмеді. Орнында тек адвокаты жүр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде