{metadescription}
Қарағандыда қаржы пирамидасына алданған жұрт ақшаларын қайтара алмай жүр
Қарағандыда қаржы пирамидасына алданған жұрт ақшаларын қайтара алмай жүр

Қарағандыда қаржы пирамидасына алданған жұрт ақшаларын қайтара алмай жүр

Қарағандыда қаржы пирамидасын құрып, жұрттың 2 миллиард теңгесін ұшты-күйлі жоқ қылған Елена Колесникованың екі сыбайласы анықталды. Қазір оның бірі тергеу қапасына қамалған. Екіншісі қылмыстың жасалу жолдарын тәптіштеп айтып жатқандықтан қамауға алынбаған. Ал қылмыстық топтың жетекшісін тұтқында ұстау мерзімі тағы бір айға созылды.

Бүгінге дейін қаражаттан қағылған 700 адам арыз түсірген. Уақыттың көбі солардың барлығыннан жауап алуға кетіп жатыр екен. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде «Оптовка» деп аталатын күмәнді мекеме қала тұрғындарынан ақша жинай бастаған болатын. Салымдарын үстемелеп қайтарамыз деген алаяқтардың қармағына бірден 1500 адам түскен. Олардан жиналған қаржы шамамен 2 миллиард теңгеден асыпты. Колесникова ұсталған соң оның 4 қымбат автокөлігі тәркіленген. Тергеушілер қаржы пирамидасының қожайыны қалтасын толтырған соң, ізін суытпақшы болған дейді. Тіпті, құжаттарын дайындап, балаларын да шекара асырып жіберіпті. Ал есеп-шотынан табылған қаражат алданғандардың бәріне жетпейді екен.

Сабыр Саржан, Октябрь аудандық прокуратурасының бөлім бастығы:

- 121 миллион теңге табылып, қылмыстық іс бойынша оған арест қойылған. Енді сот үкімі шыққанша ол ақшаға ешкімнің тиісуіне құқы жоқ. Тек соттың үкімімен ғана таратылады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде