{metadescription}
Елімізде балаларды өлімге итермелейтін қауіпті ойындарға тыйым салынды
Елімізде балаларды өлімге итермелейтін қауіпті ойындарға тыйым салынды

Елімізде балаларды өлімге итермелейтін қауіпті ойындарға тыйым салынды

Жасөспірімдерді өлімге итермелейтін әлеуметтік желілердегі «Синий кит», «Тихий дом» секілді топтарға тосқауыл қойылды. Бүгін Алматыдағы Наурызбай аудандық соты бұл ойындарды Қазақстан аумағында таратуға тыйым салатын шешім шығарды.

Өйткені соңғы уақытта суицидке итермелейтін қауіпті ойыннан зардап шегушілер қатары күрт көбейген. Оларды қаскөйлер қорқытып-үркіту арқылы ойын тапсырмаларын орындауға итермелейді екен. Салдарынан «Синий китке» тәуелді талай бала денелерін тілгілеп тастаған. Мәселен бір ғана Атырау облысында «Синий кит» және «Тихий дом» ойындарына 14 жасөспірім тіркелгені анықталды. Олардың қатарында мектеп оқушыларынан бөлек колледж студенттері де бар. Кейбіреулері ойынның соңғы тапсырмаларына дейін жетіп, бір оқушы қолын 50 жерден тілгілеп тастапты. Жалпы, өткен жылы өзін-өзі өлімге итермелейтін 22 топқа Атырау облысы бойынша 1800 жасөспірім тіркеліп, екеуі өмірмен қоштасқан.

Аслан Нұрғалиев, Атырау облыстық прокуратурасының ресми өкілі:

-Қазіргі уақытта аталған жасөспірімдермен психологтар жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда барлық білім беру ұйымдарында ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылды. Балаларға медициналық тексеру өткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде