Атырауда Өтеуовтың арызынан кейін сотталған полицейлер бостандыққа шықты
Атырауда экс-полицей Манарбек Өтеуовтың атышулы хатынан кейін сотталған экс-полицейлер бостандыққа шықты! Былтыр желтоқсанда әрқайсысы 3 жылға сотталған олардың мәселесін қараған апелляциялық алқа осындай қаулы шығарды. Азамат Достанов, Ілияс Стамғалиев, Ернар Іздібаев және Нұржан Оразғалиев қызмет бабын пайдаланды деген айыппен бас бостандығынан айырылған болатын.
Автор: Жанар Низамутдинова
15.02.2017
Адвокаттары бұл төртеуінің тым жас екенін және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасауды сұрапты. Апелляциялық алқа бұл уәжбен келісіп, Оразбаев пен Стамғалиевті 1 жылға, Оразғалиевты 2 жыл 3 айға, ал Іздібаевты 1 жыл 11 айға бостандықтарын шектеді. Ал Атырау қалалық ішкі істер бөлімінің бір топ қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істің қозғалуына түрткі болған экс-полицей Манарбек Өтеуов Өзбекстан азаматын өлтіргені үшін 22 жылға сотталғанын айта кетейік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!