Ақтөбе футбол клубын сотқа берген бразилиялықтын арызы қанағаттандырылмады
Бұрынғы жұмыс берушілерінен бір тиын да өндіре алмаған Маркос Пизелли енді ФИФА-дан көмек сұрап отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
15.02.2017
Екі жыл "Ақтөбе " футбол командасы құрамында доп тепкен ол, бір жылдық айлығын даулаған болатын. Соттан 64 миллион теңге өндіріп беруді сұраған. Бірақ клуб басшылары қарыздан түгел құтылдық, ал доллар құны көтерілгендегі айырманы төлеу шартта қарастырылмаған деп отыр. Мұны сот та құптады. Енді Актөбе сотының шешіміне келіспеген Маркос Пизеллидің адвокаты ФИФА мен арбитражды сотқа арыз түсірмекші. Айта кетейік, қос бірдей азаматтығы бар талапкердің өзі қазіргі таңда Армения құрамасы сапында ойнап жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!