Универсиада спортшылары үшін алынған жиһаз бен техника таратылып жатыр
Универсиада қатысушылары үшін алынған жиһаз бен техника алматылықтардың керегіне жарап жатыр. Әкімдік тұрмысқа қажетті дүниелерді қаладағы әлеуметтік нысандарға таратуды бастады. Жалпы саны 140 мыңнан асатын түрлі құрылғылар алдын-ала жасалған өтініштер бойынша үлестірілуде.
Автор: Олжас Байжан
15.02.2017
Спортшылар үшін сатылып алынған төсек, тоңазытқыш, теледидар, кеңсе техникасы мен өзге де заттар аурухана, мектеп, балабақша, колледж бен жатақхана секілді 500 әлеуметтік нысанға берілген. Бұндай шешім ойындар басталмай жатып қабылданған екен. Сондықтан әкімдік әрбір мекемеден алдын-ала не керек екенін нақтылап, тізім жасапты. Сол себепті техника мен жиһаздар орта жолда қолды болмай, нақты жерге барады деп сендірді шенеуніктер. Дүниежүзілік қысқы студенттер ойынын өткізу үшін Алматыда 5 мың орындық атлетикалық ауыл да тұрғызылған. Сондағы пәтерлердің бір бөлігі де үй кезегінде тұрғандарға сатылмақ.
Төлеуғали Тайтөлеев, Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжінің директоры:
–Біздің балаларымызға өте қажет. Мысалы, шкаф, төсек керек. Сапасы өте жақсы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!