Астанада Сирияға қатысты кезекті келіссөздер басталды
Алайда, толық құрамда емес. Мұның себебін Сыртқы Істер министрі түсіндірді.
Автор: Ербол Сейілхан
15.02.2017
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы Істер министрі:
-Сирия қарулы оппозициясы Астанаға кешігіп жетті. Сондықтан, бүгін келіссөздер шағын құрамда өтіп жатыр. Бірақ барлық тарап қатысатын жалпы отырыс ертең түсте басталады.
Сондықтан бүгін екі жақты кездесулер ғана өтіп жатыр. Астанаға кешігіп жеткен қарулы оппозиция мен Сирия үкіметінің ресми өкілдері бетпе-бет кездесіп жатқан жоқ. Ал отырысқа - кепілдік берген мемлекеттер Иран, Түркия мен Ресей жетекшілік етеді. Сонымен қатар басқосуға Біріккен Ұлттар ұйымы , Иордания мен АҚШ-та арағайындық танытуға мүдделі. Американың атынан Қазақстандағы елші қатысады. Келіссөздер кезінде бірінші кезекте - оқ атуды мүлдем тоқтату көзделіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!