{metadescription}
Жамбыл облысында жүздеген көлік қар құрсауынан шыға алмай қаңтарылып тұр
Жамбыл облысында жүздеген көлік қар құрсауынан шыға алмай қаңтарылып тұр

Жамбыл облысында жүздеген көлік қар құрсауынан шыға алмай қаңтарылып тұр

Жамбыл облысында тәулік бойы толассыз жауған қар тіршілікті тұралатып тастады. Әсіресе, күре жолдағы ахуал қиын. Аймақтағы ең қауіпті Күйік асуынан көліктер аса алмай, жүзге жуығы кептелісте тұрып қалды. Биік жотаға жүк машиналарын бульдозермен тартып шығаруға тура келді. Қала көшелеріндегі жағдай да мәз емес. Өйткені жауаптылар мол түскен ақ ұлпадан көшелерді дер кезінде тазартып үлгермеді. 

Қардың қалың түсуі, әсіресе, жүргізушілерді титықтатты. 100-ге жуық жүк көлігі Күйік асуынан өте алмай жолда қалған. Мәселен, мына көліктер тәулік бойы қаңтарылып тұр. Жүргізушілердің айтуынша, әзірге ас-су мен жанармай жеткілікті. Бірақ енді аз уақыт аялдаса бәрі таусылуы мүмкін екен. 

Сағитжан Дабылханов, көлік жүргізушісі:

-Біз өз күшімізбен мына биіктен көтеріле алмаймыз. Жолға құм, тұз төсесе қайтеді. Немесе, қар жауады, көктайғақ болады, жолға шықпаңдар деп ескертсе болмайды ма? Ертерек естісек, мұнда келмей, қалада күннің ашылғанын күтер едік қой.

Жуалыда қардың қалыңдығы жарты метрден асқан. Үсті-үстіне тағы жауып жатыр. Ал мамандар жатпай-тұрмай жұмыс істегенімен, жолды тазартып үлгеретін емес. Оның үстіне күндіз жауған бұршақ жағдайды тіптен қиындатып жіберген.    

-Дәл қазір мына мен тұрған жер – кез-келген көліктің соңғы аялдамасы. Өйткені көк тайғақтың кесірінен машиналар мына асудан әрі қарай аса алмай жатыр. Сол себепті әр жүк машиналарын бульдозермен жоғарыға жеке-жеке сүйретіп шығаруға мәжбүр. Бірақ жалғыз техника бәріне үлгеретін емес. 

Шаһардағы негізгі көшелердің өзі уақытылы қардан тазартылмады.  Соның кесірінен көлік қозғалысы қиындаған. Төбе көрсеткен бірен-саран техника жолды күреп үлгеретін емес. Олардың дәрменсіз хәлі тұрғындардың ашуын келтірді.   

-Жол мүлдем тазаланбаған. Құм төселмеген, тұз да себілмеген. Жүргізушілер үшін қиын. Жолда сырғанап, немесе тоқтай алмай апатқа ұшырауы мүмкін.

Дегенмен қалың түскен қар ұзақ жата қоймады. Күннің күрт жылынуынан ақ ұлпа демде еріп жатыр. Енді жұрт топан су әлек қылмаса игі дейді. Ал синоптиктер алдағы күндері күн ашық болады деген болжам айтты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде