{metadescription}
Зейнетақы қорындағы триллиондар қайта жеке компанияларға берілмек
Зейнетақы қорындағы триллиондар қайта жеке компанияларға берілмек

Зейнетақы қорындағы триллиондар қайта жеке компанияларға берілмек

Бүгін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев елдегі маңызды активтерді жеке қолға табыстауға дайын екендерін мәлімдеді. Бұдан бөлек, Ақышев, Ұлттық банктың алдағы жоспарымен бөлісіп, мұнай мен инфляцияға қатысты болжамын да жасады.

«Қарттығым қамсыз өтсін» деп зейнетақы қорына жалақысынан жырып беріп отырған халықты, ақшаларының болашағы алаңдатады. Оның үстіне зейнетақы қорындағы триллиондарды бұрынғыдай жеке компанияларға, тіпті шетелдіктерге беру жоспарланып отыр. Бүгін активтерді аударуға дайынбыз деген Ұлттық банк осы арқылы жұрттың жинағын бәсекелес ортаға қайта бермекші.

Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:

-Біріңғай зейнетақы қоры Ұлттық банктің бақылауында болмауы керек. Триллиондар жеке фирмалар мен шетелдік компанияларға берілуі тиіс. Олар жұртқа зейнетте қажет ақшасын жинауға қолайлы жағдай жасауы қажет. Сөйтіп, салымшылар ақшасын қай қорда сақтайтынын өзі таңдауға мүмкіндік жасаймыз.

Яғни, жұрттың активі қазіргідей жалғыз қорда емес, клиент үшін таласқан фирмаларға берілсе, әлдеқайда тиімді дейді бас банкир. Десе де, триллиондардың қашаннан жеке қорға өтетінін ашып айтқан жоқ. Айтуынша, мұны алдымен Үкімет мақұлдап, ақшаны аударуға рұқсат беруі тиіс. Бірақ, депутаттар халықтың жинағын жекеге беруге асықпау керек дейді. Алдымен, қордың жұмысын реттеп, бақылауды күшейту қажет.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-Қорды коммерциямен айналысуға итермелеп отырмыз. Бұл дұрыс емес. Қордың мақсаты біріншіден, азаматтардан жиналған ақшаны жинау, екіншіден оған табыс табу. Яғни, өз мүддесіне қарай қызмет етуде емес. Әйтпесе, заңсыздықтар бола береді.

Ал, Ақышев мұндай заңсыздықтардың алдын аламыз деп сендірді. Бұдан бөлек, бас банкир мұнай мен теңге бағамын да сөз етті. Айтуынша, қара алтын құны қазіргідей барреліне 40-60 доллардың арасында болса, мұнайға тәуелді елімізде дағдарыс болмайды. Өйткені, соңғы кездері қарқынды өсіп келе жатқан қара алтын құны бюджетке түсімді арттырған. Сондықтан алдағы үш жылдық шығыны екі триллионға артып отыр.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

-Теңге нығайып келеді. Бұл тек нарықтағы жағдайларға байланысты біз мүлде араласып отырған жоқпыз. Яғни, мұнай бағасы өсіп жатыр, теңгеге сұраныстың артуы тағы бар. Бұл инфлиция деңгейін де сақтауға мүмкіндік береді. Биыл оның деңгейі 6-8 пайыздан аспауы тиіс.

Ал, мұндай инфлиция деңгейі азық-түлік пен түрлі тауар және коммуналдық тарифтер құнына еш әсер етпейді деп сендірді. Тіпті, бас банкир инфляция деңгейін 2020 жылға дейін 4 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ биыл бюджеттен банктерге 2 триллион теңге бөлінбек. Қыруар қаржы ұзақ жылдар бойы жұрттың төлей алмай отырған несиесін жабуға жұмсалмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.