Мүмкіндігі шектелмеген балалар
Алматыда кемтар балалардың арт-терапия арқылы өз мүмкіндіктерін көрсете алатыны жайлы деректі фильм жарық көрді. Туынды Тұңғыш Президент қорының қолдауымен жарық көрген.
Автор: Ербол Тұрымбет
16.02.2017
Деректі фильм «Не лишние люди» деп аталады. Бұл жоба былтырғы республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде топ жарған. Фильм авторлары бұл балалардың қоғамға еркін араласу мүмкіндігі бар екенін жеткізуге тырысады. Ол үшін арт-терапияның көмегі зор. Яғни, балалар театр қойылымдары, көркемөнер жаттығулары арқылы өзінің ішкі әлемін жеткізе алады. Аталған кинотуынды осындай жайттарды айта келе, «бұл жеткіншектер қоғам өмірінен неге тыс қалып жатыр?» деген орынды сауал тастайды.
Рубен Казарян, фильм режиссері:
-Қоғамды өзгертеміз деген ойымыз жоқ. Тек адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы айтқымыз келеді. Бұл фильмді көргендер өз-өзін өзгертуі керек пе, жоқ па, оны өзі түсінеді. Басты мақсатымыз - жұрттың адамдық сезімін ояту.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!