Алдағы көктемде Алматы тағы да қызыл судың астында қалуы мүмкін
Себебі, күн күрт жылынса қыста түскен қалың қар қалаға қауіп төндірейін деп тұр.
Автор: Диас Нұрақын
16.02.2017
Сондықтан төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тасқынның алдын алуға қазірден бастап қамдануда. Қалада қызыл су басуы мүмкін қауіпті 65 аумақ бар екен. Олар Алатау, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб аудандарында. Сондықтан төтеншеліктер техникаларын сайлап, тасқынға тас-түйін дайын отырмыз дейді. Тіпті кейбір өзен арналары бекітіліп, арықтар қоқыстан тазартылып жатыр. Бұдан бөлек тұрғындарға су ағатын жерлерге қоқыс тастамау туралы ескерту жасалған. Өйткені ауа-райын болжаушылар наурыз айынан бастап күн күрт жылынатынын айтуда.
Константин Канин, Алматы қалалық ТЖД бөлім бастығы:
-Қазірден бастап қауіпті аумақтарды бақылауға алдық. Яғни аудандық әкімдік қызметкерлері мен төтенше жағдай мамандары әрдайым кезекшілікте болады. Бұдан бөлек оқыс оқиға бола қалған жағдайда әрекет ету жоспары жасалды. Азаматтарды эвакуациялайтын орындар дайындап, қажетті құрал-жабдықтарымызды әзірлеп қойдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!