{metadescription}
Елімізде тағы 3 ақылы жол пайда болады
Елімізде тағы 3 ақылы жол пайда болады

Елімізде тағы 3 ақылы жол пайда болады

Биыл Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы -Қорғас бағытымен жүру үшін  жүргізушілер ақша төлейді.

Бірақ жаңа автобандар 9 айдан соң толық салынып бітпек. Яғни, қарашадан бастап Теміртау, Қапшағай мен Қорғастың ортасында әрлі-берлі көлікпен қатынайтындар шақырымына 1 теңгеден төлеуі тиіс. Ал жалпы 2020 жылға дейін елімізде 6 мың шақырым күре жол ақылы болады екен. Транзитті машиналарды қосқанда бұл бюджетке 30 миллиард теңге пайда түсіреді деген жоспар бар. Ақшаның бір бөлігі жолдың күтіміне жұмсалады. Шенеуніктердің сөзіне сенсек, әзірге Астана-Бурабай бағытындағы ақылы жол өзін толық ақтаған.

Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

-Ақылы жолдардың құнын көтеру әзірге жоспарда жоқ. Ал ақылыдан бөлек, балама жол салу заңда қарастырылмаған. Оған аса қажеттілік те жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде