{metadescription}
Қызылордадағы шыны зауытының жұмысшыларының жанайқайы Үкіметке жетті
Қызылордадағы шыны зауытының жұмысшыларының жанайқайы Үкіметке жетті

Қызылордадағы шыны зауытының жұмысшыларының жанайқайы Үкіметке жетті

Жалақысын талап еткендердің жанайқайы Үкіметке жетті. Қызылордадағы шыны зауытының жұмысшыларына бірер күнде еңбекақылары берілетін болды.

Бір сәтте күллі елге аты шыққан осы Қызылордадағы шыны зауыты үшін бұрынғы Ұлттық экономика министрінің шатылып жатқаны белгілі. Жемқорлыққа қарсы бюроның мәліметінше, "Бәйтерек" холдингінің басқарған кезде Қуандық Бишімбаев қылмыстық топ құрып зауыттың құрылысына бөлінген миллиард теңгені жымқырған. Басшылары ақшаны осылай қаппен тасып жүргенде, жұмысшылары 4 ай маңдай тер ақыларын ала алмай зар илепті. Шенеуніктер енді оларға жалақының жақын арада берілетінін айтып сендіріп отыр. Бірақ құрылыстың ұзаққа созылатын түрі бар. Өйткені мердігер «Шымкентхиммонтаж» компаниясының жетекшілері де Бишімбаев ісі бойынша тергеуге алынған.

Сапарбек Тұяқбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің  комитет төрағасы:

-Құрылысты тоқтатпай, зауытты мерзімінде тапсыруға күш саламыз. Ал басты мердігер компания ауысқалы жатыр. Бұл келісім-шартқа еш әсер етпейді. Сөйтіп мәселені шешетін боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде