Петропавлда жолақы бірден 15 теңгеге қымбаттады
Енді мұнда алдағы айдан бастап қоғамдық көлікпен жүру құны – 80 теңге! Бірақ қай кезде де пайда жоқ деп зар илейтін автопарк иелері мұны да азсынып отыр.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
17.02.2017
Жолаушы тасымалымен айналысатын компаниялар екі жыл бұрын да бензинді желеу етіп, жолақыны көтерген болатын. Енді ол тариф те шығынды жаппады деп, ақыры жергілікті билікті дегендеріне көндірген. Кәсіпкерлердің айтқанына оңай келісе қойған Мәслихат депутаттарына енді қара халықтың өкпесі қара қазандай. Бірақ олардың пікірімен санасып жатқан ешкім жоқ. Ал қоғамдық көлік иелері жаңа тарифтің өзі бар шығынымызды жаппайды деп, 80 теңгені азсынып отыр.
Галина Семенова, Петропавл қалалық жолаушылар тасымалы қауымдастығының төрайымы:
-Жаңа тарифпен қаншалықты сапалы қызмет көрсете алатынымызды уақыт көрсетеді. Бірақ қазірдің өзінде қаладағы 400- ге жуық қоғамдық көліктің 100-ден астамын шұғыл ауыстыру керек. Жанармай бағасы өсіп жатыр. Оған жүргізушілердің жалақысын қосыңыз. Сондықтан бұл тариф бізге ыңғайлы деп айта алмаймын. Әлі де өсуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!