{metadescription}
Жазда Жоғарғы палатаға сайлау болады
Жазда Жоғарғы палатаға сайлау болады

Жазда Жоғарғы палатаға сайлау болады

Облыстар, Астана және Алматы қалаларынан Сенатқа бұл жолы жаңадан 16 адам келуі тиіс.

Конститутцияға сай, оларды әдеттегідей халық емес, өз әріптестері яғни Мәслихат депутаттары таңдайды. Сөйтіп, 6 жыл мерзімін өтеп болғандардың  орынтағынан әр аймақтан көп дауыс жинаған бір-бір сенатор жайғаспақ.

Сайлау заңға сәйкес, 30-шы маусымға дейін өтуі қажет. Бұған бюджеттен 445 миллион теңге бөлінбек. Айта кетсек, қазір жоғарғы палатада 47 депутат бар. Оның 15-ін президент тағайындайды. Қалған 32-сі 6 жыл сайын ауысып отырады.

Владимир Фоос, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

-Сайлау облыстар мен Астана және Алматы қаласындағы учаскелерде ғана өтеді. Дайындықты қазірден бастау қажет. Әрі бақылауды күшейту керек. Өйткені, былтыр сайлау учаскелеріне 200-ден астам әртүрлі шағым түскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде