{metadescription}
Астана мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ең қолайсыз қала атанды
Астана мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ең қолайсыз қала атанды

Астана мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ең қолайсыз қала атанды

Еңбек министрлігі еліміздегі мекемелерді жаппай тексеріп, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруіне қолайсыз аймақтарды анықтады. Қара тізімді аймақтағы шағын қалалар емес, Астана бастап тұр. Елордада жеке компанияларды айтпағанда мемлекеттік мекемелердің өзі  мүгедектерге жүріп-тұруына жағдай жасауға асығар емес. Министрлік  кемтар азаматтарды елеп-ескермеген ғимарттарға миллиондап айыппұл да салыпты. Бірақ нәтиже шамалы.

Қазір заң бойынша жаңадан салынған кез-келген ғимартта мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына барлық жағдай жасалуы керек. Егер нысанның арбаға таңылған азаматтарға арналған пандусы немесе жанарынан айырылғандар үшін арнайы баспалдақтары болмаса, әкімдік ол ғимаратты мүлдем қабылдамауы тиіс. Бірақ мұндай қатаң талапқа қарамастан құрылыс компаниялары, тіпті мемлекеттік мекемелер жауапкершілікті сезінер емес. Сондықтан Еңбек министрлігі заңды бұзғандарға шетінен айыппұл салуға кіріскен.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

-Айыппұл мөлшері лауазымды адамдарға 50 АЕК, шағын кәсіпкерлерге 120 АЕС, орта кәсіпкерлік субъектеріне 200, ірі кәсіпкерлік субъектеріне  400 дейін бартын айыппұл салынады. 

Министрліктегілер еліміз бойынша жаппай тексеру де жүрігзіпті. 36 мың мекеменің мәселесін ақарған. Қара тізімнің басында Астана тұр. Елордада әкімшілік ғимараттардың көбін ескерсек, арбаға таңылғандардың  мемлекеттік нысандарға кіріп-шығуы мұң. Бір де бір мекеме талапқа толық сай емес.

-Менің алдыңғы дөңгелегім мынаған келмейді.  Жоқ дегенде екі кісінің көмегі керек.

Құрбанәлі Есілдің сол жағалауындағы министрлер үйіне келген. Арбадағы жігіт Елордадағы ең үлкен ғимараттың біріне сол күйде кіре алмай  кетті. Пандусы бар деген аты ғана. Баспалдақпен көтерілу мүлдем ыңғайсыз.  Мүгедектерге Астанадағы сауда орталықтары, дәріхана, көпқабатты тұрғын үй кешендері сынды адам көп жүретін жерлер де жүріп-тұру мұң.

Құрбанәлі Әбуов, Астана қаласының тұрғыны:

-Көп жерде темір қоя салалады. Темірден арбаның өлшемі келмейді. Екі ортаға темір қыстырылып қалады. Біреудің көмегі болғанның өзінде жүре алмаймыз. Сондай қиындықтар болып жатады.

Елордадан бөлек, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстауда да жағдай мәз емес. Соныдқтан, министрлік әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы жағынан мүгедектерге жағдай жасалған нысандардың тізімін енгізіп, «Қолжетімді орта» деп аталатын интерактивті карта жасапты.  Кез-келген адам қажетті аймақты таңдап, ондағы ғимартаттырдың қолайлығын қарай алады.

Енді ғимараттарға тек пандус салып қана қоймай көзі көрмейтін, құлағы естімейтін адамдардың да кіріп-шығуына ыңғайлы болуы заңмен талап етілмек. Ал еліміз бойынша қазір мұндай талаптарға сай жалғыз нысан бар екен. Ол Павлодар облысындағы ауылда орналасқан шағын Мәдениет үйі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде