{metadescription}
Алматы облысында полиция келімсектер тығылып жатқан пәтерге басып кірді
Алматы облысында полиция келімсектер тығылып жатқан пәтерге басып кірді

Алматы облысында полиция келімсектер тығылып жатқан пәтерге басып кірді

Алматы облысындағы ең ірі құс фабрикасы арзан жұмыс күшін пайдаланып келген. Көші-қон полициясы «Алатау құс» компаниясында заңсыз жұмыс істеп жүрген бір топ шетелдікті ұстады. Өзбекстаннан келген 50 азамат әдеттегідей құрылыс алаңында емес, құс фабрикасында қара жұмысшы болыпты. Тауық етін қораптарға салып, құстың саңғырығын тазалаумен айналысқан. Санитарлық талап атымен жоқ жерде жатып, жан баққан келімсектер енді өз елдеріне депортацияланады. 

Шырт ұйқыда жатқан бұл азаматтар тәртіп сақшыларының айқайынан  шошып оянды. Өйткені аядай ғана пәтерге тығылған 50 шақты жігіт дәл осылай көші-қон полициясы түн ортасында сау ете қалады деп ойламаса керек. Сондықтан ұйқылары бірден шайдай ашылды. Айтуларынша барлығы да бір ай бұрын Өзбекстаннан нәпақа іздеп келген.

Алайда ұсталғандардың ешқайсысында төлқұжаттары жоқ екен. Тіпті жұмыс істеуге рұқсат қағаздары мен санитарлық карточкалары да болмаған. Ал жатқан жерлерінде тазалық талаптары мүлде сақталмапты. Соған қарамастан Өзбекстан азаматтары «Алатау құс» фабрикасында заңсыз жұмысқа жегіліп, тауық етін дайындаумен айналысқан. 

Тойшы Құдайназаров, Өзбекстан азаматы:

-Өзбекстаннан келдік. «Алатау құс» фермасына. 49 адамбыз. Айлығымыз 70 мың. Құжаттарымыз  бастықта.

Заңсыз жұмыс күшін пайдаланғаны үшін «Алатау құс» басшалары да енді жауапкершілікке тартылуы тиіс. Алайда жұмысшыларының құжаттарын жинап алған олар сол бойы төбе көрсетпеді. Сондықтан, келімсектер күні бойы полиция бөлімшесінің алдында қожайындарын күтумен болды.

Қуаныш Тұрысбеков, Алматы облыстық көші-қон полициясы басқармасының аға инспекторы:

-Үш сағаттың ішінде құжаттарын әкеліп, жеке басын анықтау мүмкін болмаса Қарасай аудандық  ауданаралық сотына жолдаймыз.  Сол арқылы қабылдау-тарату мекемесіне уақытша ұстау қаулысына жібереміз.

Арзан жұмыс күшін пайдаланған құс фабрикасының басшылары бұл жағдайға байланысты ешқандай мәлімет берген жоқ. Бір мезетте елу жұмысшысынан айырылған компанияның кеңсесінде, біз барғанда күзетшіден басқа ешкім қалмапты.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.