{metadescription}
Жамбыл облысында сәбиін тастай қашқан келіншек іздестіріліп жатыр
Жамбыл облысында сәбиін тастай қашқан келіншек іздестіріліп жатыр

Жамбыл облысында сәбиін тастай қашқан келіншек іздестіріліп жатыр

Жамбыл облысында тағы бір безбүйрек келіншек бауыр еті баласын біреудің есігінің алдына тастап кетті. Меркі ауданының тұрғыны бұл жолы бір жастан енді асқан перзентінің жанына таза киімдері мен тілдей хат та қалдырған. Ал ақпанның суығында аулада шырылдап жылап жатқан сәбиді үйдің иесі кездейсоқ байқапты. Дер кезінде шықпағанда, баланың үсіп өлуі де мүмкін екен. Қазір тасбауыр ананы тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Ал, бүлдіршіннің өзі аудандық аруханаға жеткізілген.   

-15-ші ақпан күні белгісіз келіншек бүлдіршінді мына үйдің ауласына кіргізіп тастап кеткен. Артынша өзі ізім-қайым жоғалған. Тастанды сәбидің шырылдаған дауысын естіген үй иесі оны тауып алыпты. Сөйтіп дереу тәртіп сақшыларына хабар берген. Айта кетейік, сәбидің жанында киім-кешектері салынған пакет болған. Арасынан хат табылып отыр.

Онда баланың есімі Зере, әрі оның 1 жас үш айлық екені көрсетілген. Үй иесіне оны уақытша қарап беруін, өзі бір айдан соң келетінін жазыпты. 

-Жылайды, жатырқап. Ер адамды көрсе қолын созып жылайды. Соған қарағанда әкесі баққан секілді.

Зеренің ақпанның ызғарында қанша уақыт далада қалғаны белгісіз. Дегенмен, жағдайы жақсы дейді дәрігерлер. 

Тазагүл Дайрабаева, Меркі аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Түскен кезде баланы кезекші дәрігер қараған.. Баланың жағдайы жақсы.Денесінде жарақат жоқ. Баланың дамуы өзінің жасына сай.

Бір жастан енді асқан бүлдіршін бірер күнде Тараздағы «Үміт» балалар үйіне жеткізіледі. Ал, тәртіп сақшылары оның анасын жатпай-тұрмай іздестіріп жатыр.   

Дәурен Өмірбеков, Меркі аудандық ІІБ бастығының орынбасары:

-Бірден бұл оқиға бойынша ҚР қылмыстық кодекстің 119 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қауіпті қалдыруына байланысты.

Полицейлер көкек ананың көп ұзамай анықталатынына сенімді. Өйткені ол қылмыс жасаған сәтте жақын маңдағы дүкендегі бақылау камерасына түсіп қалған. Түрі анық болмағанымен жас-шамасы 30-35-тегі келіншек екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.