{metadescription}
Павлодарда өз бастарын қатерге тіккен полицейлер 18 баланы ажалдан аман алып қалды
Павлодарда өз бастарын қатерге тіккен полицейлер 18 баланы ажалдан аман алып қалды

Павлодарда өз бастарын қатерге тіккен полицейлер 18 баланы ажалдан аман алып қалды

Мектеп автобусынын жол апатынан құтқару үшін тәртіп сақшылары мінген қызметтік көліктің камазбен соқтығысуына тура келген.

Жол апаты бүгін Павлодар-Екібастұз тас жолында болды. Полиция экипажы оқушылар лық толы автобусты облыс орталығына дейін шығарып салып келе жатқан. Жеткіншектер мұнда шаңғы жарасына қатысу үшін аттанған екен. Куәгерлердің айтуынша, бетон тасымалдаушы жүк көлігі кенет қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, мектеп автобусымен бетпе-бет келіпті. Сол мезетте, өз көліктерін тосқан полиция экипажы апаттың алдын алды. Десе де, өздері оңбай жараланды. Бір тәртіп сақшысының қолы сынып, басы жарылса, екіншісі жеңіл жарақат алған. Ал оқушылар дін аман. Қазір жүк көлігін тізгіндеген 50 жастағы азамат тергеліп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.