{metadescription}
Ішкі Істер министрлігі полицейлерге жасалатын шабуылдың көбейгенін айтты
Ішкі Істер министрлігі полицейлерге жасалатын шабуылдың көбейгенін айтты

Ішкі Істер министрлігі полицейлерге жасалатын шабуылдың көбейгенін айтты

Бүгін Ішкі істер министрлігі полицейлерге қол көтергендерге салынатын айыппұлды не үшін еселеп өсіруді ұсынғанын түсіндірді. Айтуларынша, елімізде бұйрыққа бағынбай, тәртіп сақшыларының жағасына жармасатындар көбейіп кеткен.

Алмас Сәдубаев, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

-Осыған байланысты барлық мемлекеттік орган қызметкерлерінің өмірін қорғау үшін жазаны қатаңдату ұсынылды. Билік өкілдеріне күш қолданғандарға бұрын 2 мың аек көлемінде айыппұл салынатын. Енді ол 5 мыңға өсіп отыр. Яғни, 4 жарым миллионнан 11 жарым миллион теңгеге өскен.

Яғни, былтыр билік өкілдеріне күш көрсеткен  600 ден астам адамға қылмыстық іс қозғалыпты. Бұл 2014 пен салыстырғанда екі есеге көп. Полицейлердің өміріне қауіп төндіретіндердің бұлай артуы Ішкі істер министрлігін алаңдатып отыр екен. Сондықтан, қарамағындағыларын айыппұлды 11 миллионға еселеп өсіру арқылы қорғаудан басқа амалы қалмапты. Бірақ, Қалмұханбет Қасымовтың бастамасына депутаттар тегіс қарсы шыққан болатын. Дау тудырған құжат әлі талқыланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде