Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жолдар жабылды
Шығыс Қазақстанда таңнан бері ұйытқыған жел, бетқаратпайтын ақтүтек боранға ұласты. Бүгінде бұл өңірден қатынайтын 10 бағыт бойынша маңызды күре жолға шектеу еңгізіліп отыр. Ал, құтқарушылар ауыл аймаққа науқастарға аттанған жедел жәрдем көлігімен бірге барып жүр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
17.02.2017
Әзірге, өңірде жолда қалған 6 адам құтқарылды. Қазір көлік қозғалысы шектелген тас жолдарға жаппай бекеттер қойылған. Енді, құтқарушылар жұрттан онда жұмыс істеп тұрған жол полиция қызыметкерлерін алдамауын сұрап отыр. Өйткені, жүргізушілердің көбі жақын елді- мекендердін атауын жамылып қашып кететін көрінеді. Сондықтан онда тұрған экипаж мамандары, құжаттарды толық тексеруге міндеттелген. Ал, «Қазгидромет» алдағы күндері еліміздің басым аумағында ауа-райы құбылатынын айтып отыр. Тіпті, кей өңірлерде күн суытып, борандатуы да ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!