Визажистер отандық сән әлемінің былығын әшкере етті
Сұлулыққа баулитын мектептер мен қаптаған макияж курстары ештеңені білмейтін дүбәра мамандарды даярлап жатыр дейді олар. Соның кесірінен білікті мамандардың бизнесі зардап шегіп отыр екен.
Автор: Ербол Тұрымбет
20.02.2017
Құны 10 мың теңге тұратын мынадай сертификатты Алматыдағы визаж мектептерінен сатып алуға болады. Яғни бас қатырып оқып жатпай, ақшасын төлесе болғаны. Ал оны иеленген адам білігі мен тәжірибесінің жоқтығына қарамастан халықаралық деңгейдегі визаж маманы болып шыға келеді. Сәнгерлер бүгін бас қосып, осы түйткілді ортаға салды. Алматыда бүгінде визаж шеберлігіне үйрететін 300-ден астам мектеп бар болса, олардың басым көпшілігі алдамшы сертификаттар сатып күн көретіндер екен. Енді мықты сәнқойлар бұл бейбастақтықпен күресуге бел буып отыр. Ол үшін саланы заңдастыру қажет дейді мамандар.
Дильфуза Абдуллаева, Қазақстан Визажистер федерациясының президенті:
-Біз арнайы коммиссия құрып, заңгер жалдауды сұраймыз. Сол арқылы өзіміздің талап-тілектерімізді жеткізіп отырмақпыз. Сонымен бірге, осы саланы заңдастырып берсе, кімнің халықаралық деңгейдегі, кімнің қарапайым мамандар даярлайтыны анықталар еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!