«Дегдар» қорының кезекті жобасы ардагерлерді тәнті етті
«Времен связуящая нить» жобасы шымкенттік соғыс ардагерлерін бір қуантып тастады. Қарт майдагерлердің үйіне келген әншілер сыйлық таратып, тіпті бірге майдан жылдарындағы әндерді шырқады.
Автор: Бек Әбиев
20.02.2017
Елге танымал әншілермен ән салып, соғыс жылдары туралы есткеліктер айтқан ардагерлер тіпті көз жастарына ерік берді. Тоқсаннан асқан қарт сарбаздарға қонаққа келу туралы игі бастаманы «Дегдар» қоры 6 жылдан бері іске асырып келеді. Бұл жолы азық-түлік салынған қоржындарды 114 ардагерге табыстаған қор мүшелері, оларды екі сағаттық концерттеріне шақырды. Классикалық музыка кешінде соғыс жылдарындағы әндер деп көп шырқалмақ.
Тимур Орманшиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
-Аға буынды ешқашан ұмытпауымыз керек. Үнемі қолдан келгенше еске алып, жақсылық жасағанымыз олар үшін де өзіміз үшін де өте маңызды. Оларға мейірімділік танытқан сайын өмірлері де ұзара береді деп санаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!