{metadescription}
Жамбыл облысында сәбиін тастай қашан келіншек ұсталды
Жамбыл облысында сәбиін тастай қашан келіншек ұсталды

Жамбыл облысында сәбиін тастай қашан келіншек ұсталды

Жамбыл облысында бауыр еті баласын бөтеннің ауласына тастап кеткен келіншек үш күннен соң ұсталды. Ол 34 жастағы Меркі ауданының тумасы екен. Қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған тасбауыр ана, бала асырайтын жағдайым болмады деп ақталып отыр. 

Баласынан безінген келіншек, өзіне іздеу салынғанын теледидардан көріп, кішкентай қызын алуға түн жарымда ауруханаға келген екен. Сол жерде шу шығарып, дәрігерлермен жағаласқан. Ақыры, кішкентай Зерені ала-алмапты. Ал ертесі күні келгенде, ахқалаттылар оны тәртіп сақшыларына ұстап берді. Келіншек жасаған қылмысын толық мойындап отыр. Қазір оған қатысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүруде. Еске салсақ, 15-ші ақпан күні ол ақпанның ызғарында біреудің ауласына 1 жас үш айлық қызын тастап кеткен болатын. Тоңып қалған сәбиді үй иесі тауып алып, тәртіп сақшыларына хабар берген. Айта кетейік, сәбидің жанында киім-кешегі салынған пакеті болған. Жүктердің арасынан хат та табылды. Онда бүлдіршіннің анасы, бөгде кісіге қызын бір ай қарап беруін өтінген еді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде