{metadescription}
Елімізде ақтүтек боран бірнеше облыстың тіршілігін тұралатып тастады
Елімізде ақтүтек боран бірнеше облыстың тіршілігін тұралатып тастады

Елімізде ақтүтек боран бірнеше облыстың тіршілігін тұралатып тастады

Ал еліміздің солтүстігі мен шығысында керісінше, ақпандағы ақтүтектің әлегінен жұрт жолдан, балалар тағы сабақтан қалып жатыр. Бетқаратпайтын бораннан Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында жолдар жабылып, көлік қозғалысы тоқтады. Жолда қалғандардың барлығына бірдей құтқарушалыр да жете алар емес.

Қарағанды облысында циклон жайлы ескертуді елемей жолға шыққандар қарға көміліп, көмек күтуге мәжбүр болды. Сөйтіп, 80-ге тарта жолаушы жылы жерлерге жеткізілген. Мұнда тіпті, ұйытқып соққан боран мен көктайғақ кесірінен жүк көліктері де аударылған. Мысалы, мына машинадан төгілген астықты жел ұшырып әкетіпті. Күре жолдар тұрмақ, Қарағандының ішіндегі көшелерді басып қалған қарға да көліктер батып, автобус қозғалысы тежелген. Салдарынан жұрт жұмыстарына уақтылы жете алмай қиналды.

Лейла Орынбекова, көше тазалаушы:

-Кешелі бері қардың қалың түсуіне байланысты бәріміз көшеде жүрміз. Әсіресе, таңертең қатты қарбалас болды. Тұрғындардың кедергісіз жүріп-тұруы үшін еңбек етіп жатырмыз.

Ал Ақтөбе облысының Темір және Ойыл ауданындарында ұйытқып соққан желден бірнеше ауылды қар басып қалған. Жол аршылмағандықтан жұрт азық-түлік пен дәрі-дәрмектен тарығып отыр. Әрі бұл аймақта боран басталғалы жабылған жолдар әлі ашылмады.

Динара Атыраубаева, Ақтөбе облыстық ТЖД бас маманы:

-Қар құрсауында қалған 53 адам құтқарылды. Оның екеуі бала. 33 адам эвакуацияланды. Құтқарушылардың көмегімен 31 бірлік техника шығарылып, жергілікті әкімшілік көмегімен 11 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды. 

Семейде де дәл осы жағдай. Таң ауа күшіне мінген желдің екпіні секундына 20 метрге жетті. Бет қаратпайтын ақтүтектен бір сәтке қала тірлігі тұралап қалған. Сондықтан мамандар мектептердегі сабақты тоқтатуға мәжбүр болды.

Гүлнар Оразбекова, Семей қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

-Бұйрығымызда бірінші ауысымдағы балаларды қолдан-қолға беру арқылы сынып жетекшілері жұмыс атқарды. Мектеп басшылары оны қадағалауға міндеттелді. Одан кейін, сағат 11 жарымда ТЖБ-нан хабарлама келді. Екінші аусымдағы 1-11 сынып оқушыларында сабақтан босатуға үкім шығардық.

Осылайша, еліміздің бірқатар өңірі қарлы бораннан көз ашпай тұр. Үш күннен бері Шығыс Қазақстанның құтқарушылары мен коммуналдық мекемелері тәулік бойы дамыл таппауда. Алайда іс өнер емес. Маңызды жолдар қардан толық аршылып үлгерместен қайта жабылып жатыр. Ал, «Қазгидромет» алдағы күндері еліміздің басым аумағында боранның күшейетінін айтып отыр. Тіпті кей өңірлерде көктайғақ болуы да ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде