Ерте басталған тасқын оңтүстік жұртының есін алып жатыр
Әсіресе, Мақтарал ауданында жағдай ушығып тұр. Толассыз жауып жатқан қар мен жаңбырдың кесірінен мұнда бірнеше ауылды қызыл су басқан. Құтқарушылар бірнеше күннен бері сол су астында қалған елді-мекендерді құрғатып үлгерер емес.
Автор: Бек Әбиев
20.02.2017
Мұнда оннан астам ауылды су басып, тұрғындар үйден шығудан қалыпты. Күндіз-түні жұмыс жасаған төтенше жағдай қызметкерлері қазір Жетісай мен Атакент ауылдарындағы су басқан үйлерді құрғата алмай әуре. Жеті жүзден астам дренаждық жүйенің екі жүздейі ғана жұмыс жасап тұрғанын айтқан мамандар мұндай жағдайдың жыл сайын қайталанатынын жеткізді. Дегенмен, бұл жолы қираған ғимараттар мен адам шығыны жоқ деп есеп беріп жатыр.
Нұрболат Дербісов, ОҚО ТЖД басшысы:
- Халық өздері жайып тастаған. Сол су сіңіп жерге. Жауын-шашынның әсерінен судың көтеріліп жатқан жайы бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!