{metadescription}
Сарбаздары қаза тапқан Жамбылдағы әскери бөлімде ауқымды тексеріс басталды
Сарбаздары қаза тапқан Жамбылдағы әскери бөлімде ауқымды тексеріс басталды

Сарбаздары қаза тапқан Жамбылдағы әскери бөлімде ауқымды тексеріс басталды

Ал Бас әскери прокуратура 7 сарбаздың өліміне әкеп соққан оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Ауыр зардапқа әкелген қызметіне салғырт қарау бабы бойынша. Әзірге нақты айып ешкімге тағылған жоқ.   Арнайы тергеу тобы куәгерлерден жауап алуды бастап кетті.

-91/678 әскери бөлімінде ауқымды тексеріс жүріп жатыр. Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов бастаған арнайы Үкіметтік комиссия әлі   Жамбыл облысында жүр.

Қазіргі таңда бөлім командирлерінен бастап, қызметтестерінің қазасына куә болған сарбаздардан тегіс жауап алынуда. Сөйтіп, оқыс оқиғаның хронологиясын әр секундына дейін тізіп шықпақ. Комиссияны, негізінен бөлім басшыларының жауынгерлерді оқу-жаттығуға алып шықпас бұрын, ауа-райының қолайсыздығын неліктен ескермеген деген сұрақ мазалап отыр. 

Талғат Мұтаров, ҚР Қорғаныс вице-министрі:

-Оқу дайындық әскери бөлімнің жоспарына сәйкес жүргізіледі. Сондықтан болған оқиға әділ обективті тексеріледі.  Әр лауазымды адамның әрекеттеріне тиісті баға беріледі.

Әзірге, Көксай шатқалындағы дерек бойынша ғана қылмыстық іс қозғалған. "Қызметіне салғырт қарады" деген бап бойынша.  

Жеңіс Темеков, ҚР Әскери прокуратураның ресми өкілі:

-Ауыр зардаптарға әкеп соққан, қызметке салғырт қарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы оқиға бойынша Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорының басшылығымен, тергеу жедел тобы құрылды.

Қар көшкінінің астында қалған сарбаздар қорықшылық полкте қызмет еткен екен. Бұл елімізде әскери техника жүріп тұруы қиын таулы аймақтарда шекара күзететін жалғыз бөлім. Сондықтан жауапкершілігі мол сарбаздар қандай ауа-райы болмасын жаттығу өткізу керек дейді депутаттар.

Бақытбек Смағұл, Мәжіліс депутаты:

-Оның барлығын отан алдындағы борышы деп білу керек. Сын сағаттардың барлығында әскер дайын болу керек. Қиын қыстау шақтарда да икемді болуы керек. Сол үшін өздерінің өмірлерімен сондай сынға бара білді деп ойлау керек.

91/678 әскери бөліміндегі тексеріс кезінде олқылықтар анықталса, қылмыстық іс дерек бойынша емес, нақты әскерилерге қатысты қозғалуы мүмкін. Ал қызметіне салғырт қарады деген бап бойынша кемі 5 жыл жаза қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде