Ақтауда көлігімен теңізге түскен жүргізуші жазаланды
Ақтауда жол талғамайтын көлігімен теңізге түскен 28 жастағы жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды. Онымен бірге болған тағы екі джиптің иелерін қазір тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр. Тура жағажайда ойран салған темір тұлпарлардың нөмірлері оқиға куәгерлерінің бейнежазбасына түспей қалыпты. Алайда тәртіп сақшылары олардың иелерін тауып, міндетті түрде жазалаймыз деп отыр.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
21.02.2017
Қымбат көлік тізгіндегендер осылайша темір тұлпарларын тегін жуып алмақ болған шығар деп пайымдапты алғашында оқиға куәгелері. Алайда енді олар автожуушылардың қызмет ақысынан он есе артық ақша төлейтін болды. Нөмірі таспаға түсіп қалған жүргізушіге қатысты бірден екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталыпты. Ол енді жол белгісінің талабына бағынбағаны және көлікті тыйым салған жерге тоқтатқаны үшін жауап беретін болады. Мұнысы үшін оған 45 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін. Онымен бірге болған екі досын да дәл осындай жаза күтіп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!