{metadescription}
Ақтауда 49 жастағы қостанайлық журналист іздестірілуде
Ақтауда 49 жастағы қостанайлық журналист іздестірілуде

Ақтауда 49 жастағы қостанайлық журналист іздестірілуде

2 жыл бұрын жұмыс бабымен бөтен қалаға аттанған ол із-түссіз жоғалып кеткен. Оны жер-жерден іздеген полицейлер де сол күйі таба алмапты. Тіпті, отбасына Алик Давлетшиннің қаза тапқаны туралы ақпарат жеткен. Алайда, өлдіге балап келген сол азаматты жуырда жақындары қаңғыбастар туралы хабардан көріп қалған. Сөйтіп, әкесінің тірі екеніне көзі жеткен қызы Ақтауға келіп, тәртіп сақшыларымен, еріктілермен бірге іздеуге өзі де кірісті.

Жұмыс бабымен Ақтауға аттанған тілшінің із-түссіз жоғалғанына 2 жыл. Туыстары мен тәртіп сақшылары еш жерден таба алмаған. Тіпті, артынша 49 жастағы азаматтың қаза тапқаны туралы хабар да жетіпті. Бірақ, өлдіге баланған ер адамды туыстарына мына таспа тірілтіп бергендей. Мұны қаңғыбасқа айналған Алик Давлетшинді қызы кездейсоқ байқап қалыпты.

Евгения Биржанова, Алик Давлетшиннің қызы:

-Әкемді тауып, үйге алып кетуге келдім. Оның тірі екенін білемін. Көзі ашық азамат. Өмір бойы газетте тілші болып жұмыс істеді. Тек балалары емес, оны немерелері де тағатсыз күтіп отыр.

Ақтаулық еріктілердің де есінде Алик Давлетшин ерекше сақталыпты. Көше кезген ер адамға қарап қаңғыбас деуге аузың бармайтын дейді олар.

Екатерина Олефиренко, ерікті:   

-Ол бізбен ашық сөйлесті. Құжаттарын қалпына келтіруге тырысқанын айтты. Бірақ, барған жері онсыз да ақшасы жоқ адамды әрі-бері сабылтып қойған екен.Сөйтіп, жат қалада тентіреп қалған.

Алик Давлетшин басынан соққы алып, ақыл-есі ауытқыған болуы да мүмкін деп отыр қызы. Қазір оны Евгениямен қоса, еріктілер жер-жерден іздестіріп жатыр. Тәртіп сақшылары да қарап қалмаған.

Ұлықбек Мылтықов, Маңғыстау облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:
-Учаскелік инспекторлар облыс бойынша өздерінің есепте тұрған мекен-жайы жоқ адамдардың бәрін тексеріп жатыр. Центр адаптацииді тексеріп жатыр. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, осы бағыт бойынша.

Бірақ, тұрақты тіркеуі жоқ адамды табу оңай емес. Тілшіге қатысты түрлі болжамның айтылуы да қиындық туғызып тұр. Бірі оны жақында ғана қаланың орталығынан көргенін, енді бірі әлдекімдер жұмыс істетуге алып кеткенін айтқан. Тіпті, мұндағы қаңғыбастар Аликті былтыр жазда көз алдарында өлтіріп кеткенін мәлімдепті. Ал, полицейлер бұл ақпаратты бірден жоққа шығарды. Өлгендер тізімінде жоқ азаматты іздеу шаралары қазір қарқынды жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде