{metadescription}
Шығыс Қазақстанда боранда қалған малшы құтқарылды
Шығыс Қазақстанда боранда қалған малшы құтқарылды

Шығыс Қазақстанда боранда қалған малшы құтқарылды

43 жастағы азамат адасып кеткен екен. Ал оны құтқарушылар араға екі тәулік салып, 30 шақырым жерден тауып алды.

Семейдегі төтенше жағдай қызметіне Бесқарағай ауданынан малшының жайылымда із-түссіз жоғалғаны туралы хабар келіп түскен. Олар дер кезінде іздеуге шықанымен, жұмыстарына дүлей боран кедергі келтіріпті. Ал малшы ұйтқыған желден айнала түк көрінбей елді-мекен іздеп Ертіс өзенін жағалап жүре беріпті. Өзі тәулікке жуық уақыт нәр татпаған. Әлсіреп, әбден тоңған малшыны құтқарушылар әзер тапты. Қазір аталған өңірде қар құрсауында қалғандарды құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Мамандар екі күн бойы 200-ге жуық адамға көмек қолын созған. Олардың арасында 20 бала бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.