Түркістанда жындыханаға жабылғандар туберкулез жұқтырып алған
Түркістандағы ақыл-есі кемдерді емдеуі тиіс психоневрологиялық мекемеде адам шошытарлық жағдай! Мұндағы 500-ден астам емделушінің 61-і туберкулезбен ауыратын болып шықты. Дәрігерлер мұны тіпті кездейсоқ біліп қалған.
Автор: Бек Әбиев
22.02.2017
Қаңтар айында пациенттерді жоспарға сай тексерген жергілікті дәрігерлер 7 емделушінің туберкулезге шалдыққанын біліпті. Сөйтіп, жағдайды жоғарыға баяндаған соң облыс пен республикадан келген арнайы комиссия 502 пациенттің 61-інен осы ауру түрін анықтаған. Тіпті, 3-уі осы аурудан көз жұмған екен. Оның үстіне 30-ға жуығы індеттің ашық түрін жұқтырған. Науқастардың барлығы қазір арнайы мекемелерде ем қабылдауда. Қазір еліміздің бас санэпидемиологы Жандарбек Бекшин бастаған комиссия аурудың қашан және кімнен жұққанын анықтап, кінәлілерді табу үшін оңтүстікте жүр.
Жандарбек Бекшин, ҚР бас санитар дәрігері:
- Дәрігерлер диагностика және емдеу жағынан кемшілік жіберген. Осы аурулармен қарым-қатынаста болған тұрғындар, туыстары қазір бақылауда. Олар бәрі де есепке алынды. Оларға да осылай толығымен зерттеу жүргізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!