{metadescription}
Павлодар облысында қалың қар құрсауында қалып қойған 300-ге жуық адам құтқарылды
Павлодар облысында қалың қар құрсауында қалып қойған 300-ге жуық адам құтқарылды

Павлодар облысында қалың қар құрсауында қалып қойған 300-ге жуық адам құтқарылды

Кешеден бері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатқан төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардың қолайсыз ауа-райы туралы ескертуге мән беруін сұрап отыр.

Қатты бораннан жолдардың барлығында дерлік қозғалысқа шектеу қойылған. Ал ұйытқып соққан желден ештеңе көрмеген жүргізушілер артынша діттеген жеріне жете алмай қалған екен. Қар тазалайтын көліктер тынымсыз жұмыс істегенімен, жолды түгел аршып үлгермепті. Соның салдарынан, Павлодар-Қарағанды тас жолында 55 жүк көлігі мен 6 автобус және 6 жеңіл көлік қардан шыға алмай қалған. Осындай қолайсыз жағдайға Шарбақты-Құлынды бағытында да 45 машинаның тап болғанын айта кетейік. Синоптиктер мұндай ауа райы бейсенбіге дейін жалғасады деп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.