{metadescription}
Депутаттар Қызылордадағы шыны зауытына жұмсалған ақшаны қайта есептеуді талап етті
Депутаттар Қызылордадағы шыны зауытына жұмсалған ақшаны қайта есептеуді талап етті

Депутаттар Қызылордадағы шыны зауытына жұмсалған ақшаны қайта есептеуді талап етті

Қызылордадағы шыны зауытына жұмсалған бюджет қаржысын тиынына дейін қайта санау қажет. Депутаттар бүгін бұл іске премьер Бақытжан Сағынтаевтың араласуын сұрады.

Мәжілісмен Перуашевты ең алдымен зауыттың нақты құны қызықтырып отыр. Өйткені, бастапқыда «Бәйтерек» холдингі оның құрылысын 52 миллиард теңгеге бағалаған. Ал, жемқорлыққа қарсы агенттік шығынды 42 миллиард дейді. Яғни, құзырлы орган мен холдингтің есебі бір-біріне қарама-қайшы. Оның үстіне қымбат жоба шетелдіктерге бұйырып, отандық кәсіпкерлерді бұл шаруаға жолатпаған. Айта кетсек, осы шыны зауытына бөлінген қаржыдан 1 миллиард теңге жымқырды деп бұрынғы Ұлттық экономика министрі қамауға алынған болатын. Қуандық Бишімбаев қазына қаржысына "Бәйтерек" холдингін басқарған тұста қол салған дейді тергеушілер.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-52 миллиардтан астам теңгені игеру үшін «Бәйтерек» холдингі мемлекеттік байқау өткізбей, жобаны бірден шетелдік компанияның қолына ұстата салған. Оның үстіне кәсіпорын шығыны 190 жылдан кейін қайтарылады екен. Бұл қаншалықты заңды?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде