{metadescription}
Назарбаев плагиатпен айналысатындарды сынға алды
Назарбаев плагиатпен айналысатындарды сынға алды

Назарбаев плагиатпен айналысатындарды сынға алды

Ғылымда плагиат көп, әрі отандық ғалымдардың патенттері де сұранысқа ие емес. Бүгін Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойына қатысқан Елбасы ғылымның дамуына тұсау болып отырған осындай бірнеше мәселені ашық айтты.

Қазір елімізде ғылым сала бойынша бөлініп, оның басым бөлігімен жоғарғы оқу орындары айналысуда. Бірақ, олардың инновациялық орталыққа әзір айналатын түрі жоқ. Ал, отандық ғалымдар жетістіктерін патенттеу жағынан алдына жан салмаса да, сол ғылыми жаңалықтарына сұраныс аз. Сондықтан президент, жыл сайын бюджеттің миллиардтары жұмсалып жатқан ғылымға деген көзқарасты дұрыстау керектігін айтып, жұмыс тәртібін түбегейлі өзгертуді тапсырды. Ол үшін шетелдік тәжірибені енгізіп, жобаларды жеке инвесторлар қаржыландыруы тиіс. Солай болғанда ғана ғылымға салынған ақшаны кері қайтаруға болады дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Экономика мен инновацияның заманы келіп отыр. Қолдан келгенше мемлекет ғылымды қолдап, ғылымға шығаратын ақшасын жылдан-жылға көбейтіп, ғылыми зерттеу институттарының жағадайын қарап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде