{metadescription}
Маңғыстау даласынан қаңғып жүрген итбалықтар табылды
Маңғыстау даласынан қаңғып жүрген итбалықтар табылды

Маңғыстау даласынан қаңғып жүрген итбалықтар табылды

Теңіз жануарлары мұнай кен орындары орналасқан ауданнан көзге шалынған. Тұрғындар итбалықтар Каспий теңізінің ластануы салдарын өмір сүретін орнын тастап қашқан деп топшылайды. Алайда экологтар басқа пікірде. Итбалықтың балаларын жағада жатқан жерінен адамдар ұстап алып, айдалаға апарып тастауы мүмкін дейді олар. 

Бірнеше итбалықты далада жүрген жерінен мұнайшылар тауыпты. Оның бірі Қаражамбас кен орнындағы тас жолдың маңында жүрсе, екіншісі Солтүстік Бозащы кен орны маңынан кездескен. Бір қызығы олардың табылған жері теңізден 30 шақырымдай жерде. Оларды осы жерге жеткізу үшін арнайы тексеру бекетінен білдірмей алып өту мүмкін емес екен. Дегенмен экологтар бұл қайткен күнде адамның қолынан ғана келген қарекет дейді. Өйткені итбалық атаулы ешқашан өмір сүретін судан алысқа ұзап кетпейді екен

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде