{metadescription}
Еліміздегі тәжірибесі мол тіс дәрігерлері табыстан қағылуы мүмкін
Еліміздегі тәжірибесі мол тіс дәрігерлері табыстан қағылуы мүмкін

Еліміздегі тәжірибесі мол тіс дәрігерлері табыстан қағылуы мүмкін

Бұл Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына байланысты болып отыр. Жаңа құжат бойынша енді дантист пен стоматологтың қызметтері айқындалып, емдеу жұмыстарына тек жоғары білімі бар мамандар ғана кіріседі деген шешім қабылданған. Ал 15-20 жылдық жұмыс тәжірибесі болса да, жоғары білім туралы дипломы жоқ тіс дәрігерлері тек шұғыл медициналық көмек көрсетумен шектелмек.

Бұрынғы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кезінде, яғни былтыр желтоқсанда қабылданған стоматологиялық қызмет көрсетуге қатысты жаңа ереже енді депутаттардың назарына ілігіп отыр. Ведомствоның бұйрығы бойынша, бұдан былай тіс емдеу, протездеу, жұлу және тағы басқа онға жуық қызметті тек жоғары білімі бар стоматолог қана көрсете алады. Ал дантистер мен тіс технигінің жұмыс ауқымы тарыла түскен.

Меруерт Қазбекова, Мәжіліс депутаты:

-Министрдің бұйрығы бойынша тәжірибесі мол  тіс дәрігерлері өз бетінше стоматологиялық қызмет көрсету мүмкіндігінен айырылды. Қолдарынан басқа ештеңе келмейтіндіктен, олар такси жүргізіп немесе базар жағалап кетуі мүмкін. Мүлдем жұмыссыз қалуы да ғажап емес.

Бұл өзгеріс бірінші кезекте қазір жұмыс істеп жатқан дантистер мен орта кәсіби білім алатын болашақ тіс дәрігерлерін алаңдатуда. 4 жыл колледжде оқыған соң олар тек санация жүргізу және шұғыл медициналық көмек көрсетумен ғана шектелетіндігіне өкпелі. Мұндағылар дипломның бар-жоқтығы үшін адамның қабілеті мен дарынын тарылтуға болмайды деп отыр.

Сәуірбек Рузуддинов, стоматология колледжінің директоры:

-Орта білім алған колледжді бітірген дантисіміз оның білім деңгейі университетке қарағанда әлдеқайда төмен. Сондықтан стоматологиялық көмектің де барлығын емес, тек өзіне тәнін ғана көрсету керек деген ойым бар.

Ал тіс дәрігерлерінің қауымдастығы мамандарды жұмысынан алыстатпай, білімін жетілдіру қажет дейді. Сол кезде жыл сайын орта білімді дантистер азайып барлығы ережеге сай келмек.

Ғалым Пернебаев, Қазақстан тіс дәрігерлері қауымдастығының вице-президенті

Ауылда 20 жылдан астам тәжірибесі бар тіс дәрігерлері бар болса соларды қалдырып, дистанционно оқыту керек. 2-4 курстан қабылдайтын бағдарлама жасап, жоғары білімді маман қылып шығаруымыз керек. Сонда жыл сайын орта білімі бар дәрігерлер азайып, жоғары білімділері артады.

Айта кетейік, еліміздегі 7 жоғары оқу орны жыл сайын 500 стоматологты дайындап шығарады екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде