{metadescription}
Солтүстік Қазақстанда екі пәтерлі жер үйдің төбесі опырылып түсті
Солтүстік Қазақстанда екі пәтерлі жер үйдің төбесі опырылып түсті

Солтүстік Қазақстанда екі пәтерлі жер үйдің төбесі опырылып түсті

Екі күн бойғы бораннан жиналған қалың қардың салмағына шатыр шыдас бермеген.

Оқиға Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылында таңғы сағат төрттер шамасында, көпбалалы екі отбасы шырт ұйқыда жатқан кезде болған. Төбеден сықырлаған дыбысты естіген олар шошып ояныпты. Бір сұмдықты сезіп, бәрі сыртқа атып шыққаны сол екен, шатыр үйдің ортасына түскен. Үй тым ескі де емес, оны Монғолиядан қоныс аударған қос оралман отбасы осыдан 12 жыл бұрын сатып алған екен. 15 адамы бар бұл жанұялар енді баспанасыз қалды. Дегенмен, әкімдік олардың мәселесін шешудің қамын жасап жатыр екен.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде