Оралда қатігез ана туған ұлын пышақтап тастады
Кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығына түскен 4 жасар бүлдіршін жүрек тұсынан жараланған. Анасы пышақ сұққан соң, баласын ауруханаға өзі жеткізіпті.
Автор: Саят Сабдалы
23.02.2017
Бір аптадан бері дәрігерлердің қарауында жатқан баланың қазір беті бері қараған. Орталық мамандарының айтуынша, бүлдіршіннің 30 жастағы анасы Галина Бошенятова қояншық дертіне шалдыққан. Тұрақты жұмысы жоқ, тапқаны ас-суға жетпейтін ол баласымен бірге туыстарының босағасын сағалап жүріпті. Сондықтан қажытқан өмірден өзімен қоса ұлын ала кетпек болған көрінеді. Келіншек кейін ісіне өкініп, баланы қайта әкеткісі келгенімен, оған қатысты қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Енді сот шешім шығарғанға дейін кішкентай Богдан орталық мамандарының қарауында болмақ.
Әйгерім Ерболатова, әлеуметтік педагог:
-Бірінші кезде бейімдеу орталығына үйрену қиын болды. Бір екі күн өткесін ол орталыққа үйреніп алды. Енді оның тағдырымен қалалық білім бөлімі жұмыс жасайтын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!