{metadescription}
Алматыда вокалдан байқау өтіп жатыр
Алматыда вокалдан байқау өтіп жатыр

Алматыда вокалдан байқау өтіп жатыр

Алматыда балалар арасында вокал өнерінен Кәукен Кенжетаев пен Шабал Бейсекова атындағы тұңғыш халықаралық байқау басталды. Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан және еліміздің әр өңірінен жиналған жас таланттар бір апта бойы бақтарын сынамақ. Болашақ жұлдыздар байқауы Тұңғыш Президент қорының қолдауымен ұйымдастырылған.

Халықаралық ән додасы Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінде өтуде. Оған өнер мектептерінің оқушылары, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының студенттері де қатысуда. Ал байқаудың өзі «Домбырамен ән айту», «Академиялық вокал» және «Эстрадалық вокал» атты үш аталым бойынша өтпек. Онда 120-дан астам өнерпаз шеберліктерін сынайды. Ал наурыздың екісі күні жеңімпаздар анықталып, үлкен концерт өтеді. Айта кетейік, осы өнер сайысы аясында әрбір жанр бойынша қатысушыларға арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде